01 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №317

270 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін
2015 жылғы 26 наурыз,  Астана қаласы Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолын (жол учаскесін) ақылы негізде пайдалану туралы «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 29) тармақшасына сәйкес, бұйырамын: 1. Мыналар: 1) республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын І-а санатты «Астана-Петропавл» автомобиль жолының «Астана-Щучье» 18+772 километр (бұдан әрі - км) – 230+250 км учаскесі (бұдан әрі – ақылы жол (учаске)) ақылы негізде пайдаланылады; 2) баламалы жол: «РФ шекарасы (Екатеринбургке) – Алматы» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана – Атбасар» учаскесі, «Көкшетау – Атбасар» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Атбасар – Зеренді» учаскесі», «Щучье – Зеренді» республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүріп өту жүзеге асырылуы мүмкін; 3) ақылы жолдың бастапқы пункті – 18+772 км, ақылы жолдың соңғы пункті – 230+250 км; 4) ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес; 5) ақылы жолдың (учаскенің) техникалық сыныптамасы – І-а санаты, ақылы жолдың (учаскенің) негізгі параметрлері: автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,75 метр; алымдар алу пункттері жеріндегі автомобиль жолымен жүріп өту белдеуінің ені - кемінде 3,00 метр; алым алу пункттері жерінде жүріп өтудің шеткі оң жақ белдеуінің ені - кемінде 6,0 метр және габаритті емес көліктің жүріп өтуіне арналған; автомобиль жолындағы қозғалыс белдеулерінің саны - екі бағытта 6 белдеу; 6) ақылы жолдың (учаскенің) ұзындығы – 211 км 478 метр; 7) ақылы автомобиль жолы арқылы жүріп өту үшін төлем ставкалары осы бұйрықтың 3 қосымшасына сәйкес айқындалады; 8) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес; 9) ақылы жолды (учаскені) ақылы негізде пайдалану мерзімі – 20 жыл деп белгіленсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (М.Қ. Пішембаев): 1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшалары көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________Б.СҰЛТАНОВ 2015 ж. 15 сәуір «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі __________ Қ.ҚАСЫМОВ 2015 ж. 2 сәуір Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №317 бұйрығына 1 қосымша Ақылы жолдың (учаскенің) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі Қиылысулар мен қосылулар мекенжайы км + метр Көзделген қиылысу мен қосылу бойынша елді мекендердің атауы Шортанды ауданы 44 км + 000 Бозайғыр ауылы (Елизаветинка) 70 км + 500 Дамса кенті 75 км + 200 Шортанды қаласы 82 км + 300 Мықтыкөл ауылы (Барышевка) Ақкөл ауданы 94 км + 700 Еңбек ауылы (Трудовое) 107 км + 800 Ақкөл қаласы 117 км + 000 Барап кенті 124 км + 600 Красный Горняк кенті Бұланды ауданы 143 км + 100 Алакөл ауылы (Богдановка) 150 км + 000 Жаңаталап ауылы 160 км + 500 Алтынды кенті (Даниловка) Еңбекшілдер ауданы 170 км + 500 Қоғам кенті 179 км + 900 Макинка ауылы Бұланды ауданы 196 км + 700 Макинск қаласы Бурабай ауданы 208 км + 900 Қаражар кенті (Черноярка) 212 км + 100 Атамекен ауылы (Климовка) 216 км + 500 Жасыл кенті 222 км + 000 Жаңажол ауылы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №317 бұйрығына 2 қосымша Басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі Р/с № Елді мекеннің атауы Шортанды ауданы 1. Бозайғыр ауылы (Елизаветинка) 2. Мықтыкөл ауылы (Барышевка) Новокубанский ауылдық округі 3. Дамса кенті Бозайғыр ауылдық округі 4. Бозайғыр кенті Кеңес ауылдық округі Ақкөл ауданы 5. Барап кенті 6. Красный Горняк кенті Еңбек ауылдық округі 7. Еңбек ауылы (Трудовое) Даниловка ауылдық округі 8. Алакөл кенті Бұланды ауданы 9. Боярка кенті 10. Жаңаталап кенті 11. Елтай кенті 12. Алтынды кенті (Даниловка) Ақсу ауылдық округі Еңбекшілдер ауданы 13. Қоғам кенті Бурабай ауданы 14. Атамекен ауылы (Климовка) 15. Қаражар кенті (Черноярка) 16. Жаңажол кенті 17. Жасыл кенті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы №317 бұйрығына 3 қосымша Ақылы автомобиль жолы (учаскесі) бойынша жүріп өту үшін төлем ставкалары 1. І-а санатты «Астана-Петропавл» жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Астана – Щучье» 18+772 км – 230+250 км учаскесі: теңге Аймақтар Аудандар 2 білікті жеңіл авто­көліктер 16 орынға дейінгі авто­­бустар және жүк көтергіштігі 1 тонна­дан (бұдан әрі - тн) жоғары 2,5 тн дейін 2 білікті жүк автомобильдері 32 орынға дейінгі автобустар және жүк көтергіштігі 5,5 тн дейін 2 білікті жүк автомобильдері 32 орыннан асатын автобустар және жүк көтергіштігі 10 тн дейін 2 білікті автопоездар Жүк көтергіштігі 10 тн жоғары 15 тн дейінгі 3 білікті жүк автомо-бильдері Жүк көтергіштігі 15 тн жоғары көп осьті, оның ішінде тіркел-гіш және ершікті тартқыштар Жергілікті көлік Транзит 1 2 3 4 5 6 7 8 9 1. Шортанды (66 км) 30 60 310 650 950 1300 1500 2. Ақкөл (51 км) 30 50 250 500 750 1000 1250 3. Бұланды (22 км) 10 20 100 220 320 440 600 4. Еңбекшілдер (46 км) 20 50 210 460 680 920 1250 5. Бурабай (26,5 км) 10 20 130 270 400 540 600 6. Бір бағыттағы барлық маршрут бойынша жиыны 100 200 1000 2100 3100 4200 5200 7. Тіркелмеген автокөлік құралдары 250 1200 2500 3700 5000 6200 Ескертпе: 1) тіркелмеген автокөлік құралдары – мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ және/немесе ол туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тіркелген көліктің бірыңғай ақпараттық жүйесінде жоқ автокөлік құралдары; 2) жергілікті көлік – бір аудан шегінен тыс қозғалу кезінде жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелген автокөлік; 3) транзиттік көлік – жалпы пайдаланымдағы республикалық маңызы бар ақылы автомобиль жолына (учаскесіне) іргелес әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыстың ауданы) белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлік. 2. Екі білікті жергілікті жеңіл көліктер үшін екі бағыттағы барлық маршрут бойынша күнтізбелік 365 күнге 1000 теңге көлемінде жүргені үшін абоненттік төлем төленуі мүмкін. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 23 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11144 болып енгізілді.